Accessibility links

Ирақ сайлауының бастапқы нәтижелері әл-Мәлики блогы алда екенін көрсетті


Ирақтың сайлау ресмилерінің айтуынша, наурыздың 7-і күні өткен парламенттік сайлаудың Басра провинциясында саналған 60 пайыздай дауыстың нәтижелері премьер-министр Нури әл-Мәлики блогының алда келе жатқанын көрсетіп отыр.

Сайлаудың бастапқы қорытындылары Мәликидің мемлекеттік заң альянсы бірінші орында, шийттердің діни партиясы Ирақтың ұлттық альянсы екінші орында және экс-премьер Аяд Аллавидің блогы үшінші кезекте келе жатқанын көрсетті.

Ирақтағы сайлаудың ақырғы нәтижелері бірнеше аптадан кейін шығуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG