Accessibility links

Израиль премьері АҚШ-тан нәтижесіз оралады


Израиль премьері Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-қа сапары нәтижесіз аяқталды.

Вашингтонға ұшар алдында Нетаньяху алдағы келіссөздердің арқасында АҚШ пен Израильдің арасындағы қазіргі қайшылықтардың шешімі табылар деген үмітін айтқан болатын. Бірақ қандай уәжге келгені туралы ештеңе хабарланбады.

Израиль премьері Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен, вице-президент Джо Байденмен және тағы басқа ресми өкілдермен кездесті.

АҚШ ресми Тель-Авивтің Шығыс Иерусалимнің еврей кварталдарында жаңа баспаналар салу жоспарына қарсы. Өз кезегінде Палестина басшылығы Израильдің ол жоспары бейбіт келіссөзді жалғастыруға бөгет жасайды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG