Accessibility links

Беларуссия Ресейді ТМД сотына берді


Ресейдің мұнай өнімдеріне экспорттық кеден салығын салуын негізсіз деп тапқан Белоруссия ТМД-ның Экономикалық сотына шағым берді.

Беларуссияның Әділет министрлігі хабарлағандай, мұнай өнімдерінен экспорттық кеден салығын алу айтарлықтай қиындық туғызды, кейбір жағдайда Беларуссияның ең ірі деген мұнай химиясы кәсіпорындарының мүле тоқтап қалуына жетелейді.

ТМД-ның Экономикалық соты Еуразиялық экономикалық қауымдастығының соты құзырын атқарады. Бұл ұйымға Ресей мен беларуссиядан басқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
XS
SM
MD
LG