Accessibility links

Мәскеу мен Кизлярдағы қастандықтарды бір топ істеуі мүмкін


Ресейдің премьер-министрі Владимир Путин Дағыстанның Кизляр қаласындағы жарылыстарға Мәскеу метросындағы террорлық қастандықтарды ұйымдастырушылардың қатысы болуы мүмкін екенін теріске шығармайды.

Ресейдің ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев тәртіп сақшылары мен елдің бүкіл халқын Мәскеу метросындағы қастандықтардан кейін асығыс тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырды және терроризмнің ұлттық ерекшелігі болмайтынын қатаң ескертті.

Ал тергеудің бастапқы жорамалы бойынша, Мәскеу метросындағы жарылыстарды Солтүстік Кавказдан шыққан жанпидашыл-әйелдер жүзеге асырған.

В.Путин сонымен қатар Кизлярдағы жарылыстың құрбандары мен жапа шеккендерге де Мәскеудегі көлемде көмек берілетінін хабарлады.

Тергеудің бастапқы тұжырымы бойынша, Кизлярдағы полицейше киініп жарылыстың бірін іске асырған адам – Дауд Жабраилов деген жергілікті тұрғын көрінеді.
XS
SM
MD
LG