Accessibility links

Иран: Қытай санкциялар тиімді емес деп есептейді


Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегерінің мәлімдеуінше, Теһран мен Бейжің санкциялар тиімді емес екендігі жөнінде келіскен. Қытайда келіссөздер өткізген Саид Жалили бұл туралы жұма күні хабарлады. Жалилидің айтуынша, халықаралық санкцияларға байланысты Теһран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды.

Қытай Иранға қарсы санкцияларды қолдайды ма деген сұраққа Жалили "бұған Бейжіңнің өзі жауап беруі тиіс" деп атап көрсетті.

Бейсенбі күні Ақ үй Қытайдың Теһранға қарсы қосымша санкция енгізу мүмкіндігі туралы келіссөздерге қосылу жөніндегі шешімін жылы қабылдаған болатын. Бейжің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG