Accessibility links

Мәскеудегі жарылыстардан соң этникалық топтардың басына тағы да бұлт үйірілді


Терроризмге қарсы шеруге шыққандар. Санкт-Петербор, 31 наурыз 2010 жыл.
Терроризмге қарсы шеруге шыққандар. Санкт-Петербор, 31 наурыз 2010 жыл.

Ресей астанасында этникалық азшылық топтың өкілі болып өмір сүру осыған дейін де оңай емес-тін. Мәскеу метросында болған екі бірдей шабуылдан соң, қаладағы Кавказ және Орталық Азия мұсылмандарын бұрынғыдан бетер қорқыныш биледі.


ТЕРРОРШЫЛАРҒА ТЕҢЕУ

Мәскеуде наурыздың 29-ы күні болған жанкештілік шабуылдан кейін дағыстандық Узлипат Гебекова қоғамдық орындарға шыққанда абайлап, үстіне жұрттың күдігін тудырмайтындай киім таңдап киетіндігін айтады.

Дағыстан республикасының астанасы Махачкаланың тұрғыны Узлипат Гебекова Мәскеуде уақытша тұрып жатыр. Ол енді өзін метрода
Ресей құқық органдарының дерегі бойынша, Мәскеу метросында террорлық шабуыл жасаған екі әйелдің бірі – 17 жастағы Женнет Абдурахманова болған.
жарылыс жасаған жанпидашы екі әйелмен теңестіріп қарағанын қаламайды.

Ұзын қара юбка киіп, жарылғыш затты белдеріне байлаған екі әйелдің метрода жасаған жанкештілік шабуылынан қаза болғандардың саны қазіргі күні 40 адамға жеткені туралы хабарланып отыр.

«Біз үшін жағдай өте қауіпті. Басымызға орамал тағу қауіп-қатер туғызады. Мен тіпті юбка кию дегеннің өзі қауіпті болады деп ойлаймын. Ең жақсысы шалбар киген дұрыс. Мәскеуге қазір кәсіпкерлік істермен, білім алу немесе дәрігерге қаралуға бару өте қорқынышты», - дейді Узлипат Гебекова.

БЕЙКҮНӘ «ЖАЗЫҚТЫЛАР»

Этникалық азшылық топтар үшін, әсіресе Кавказдан келген адамдарға Мәскеуде өмір сүру бұған дейін де оңай емес еді. Милиция олардың құжаттарын милиция қайта-қайта тексеріп, одан қалды түрлі шеттетулер мен шабуылдарға ұшырап келген-ді.

Енді соңғы террорлық шабуылдан кейін жағдай бұрынғыдан да ушығып, этникалық топтар мен қаланың басқа тұрғындарының бір-біріне
Галина Кожевникова , нәсілшілдік тұрғыдағы шабуылдарды бақылауға алатын «Сова» орталығы директорының орынбасары. Мәскеу, 26 желтоқсан 2009 жыл.
деген көзқарасы нашарлай түсті.

Мәскеудегі нәсілшілдік тұрғыдағы шабуылдарды бақылауға алатын «Сова» орталығының деректеріне қарағанда, дүйсенбі күнгі шабуылдан бері этникалық азшылық топтың бес өкіліне қарсы жасалған үш түрлі оқиға тіркелген. Шабуылға ұшырағандардың үшеуі әйел, оның бірі 17 жастағы армян қызы болса, екеуі бастарына орамал салған мұсылман әйелдері.

«Сова» орталығы басшысының орынбасары Галина Кожевникова Мәскеуде мұндай шабуылдар саны айтарлықтай көбейіп кеткенін айта келе, милиция да ондай істерді тергеуге құлықты болмай отырғандықтан, азшылық топтар өздеріне шабуыл жасалғаны жайлы хабарламай жатқанын айтады:

«Біз славян текті емес көптеген адамдардың осы күнгі шабуылдардан кейін қоғамдық ортаға саналы түрде шықпай жүргенін білеміз. Олар өздеріне қарсы болуы мүмкін шабуылдардан қорқады».

КЕК ПЕН ЖАЗА

Шешендердің жікшіл жетекшісі Доку Омаров интернетке қойылған видеотаспасы арқылы дүйсенбі күнгі жарылыстарға жауапкершілікті өз
Шешен жікшілдерінің жетекшісі Доку Омаров дүйсенбі күнгі жарылыстарға жауапкершілікті мойындарына алатындығын мәлімдеді. 31 наурыз 2010 жыл.
мойындарына алып, Ресейге қарсы мұндай шабуылдар жалғаса береді деп мәлімдеді.

Мәскеуге тағы да шабуылдар болуы мүмкін деп, кейбір саясаткерлер үкіметке террорлық шабуылға жауаптыларды қатаң жазалайтын уақыт жетті деген ескертулер жасады.

Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Гуров «саяси әдептілікті сақтау мәселесі биліктің терроризмге қарсы күресте нәтижелі жұмыс жасауына кедергі жасап келеді» деді.

«Біз осы төзімділік дегенмен қанша уақытты бос өткізіп келеміз», - деді ол.

ҮРЕЙ МЕН КҮДІК

Бұл тұрғыда шешен тілді «Дош» журналының редакторы Абдулла Дудуев Мәскеудегі шешендер бейкүнә адамдардың өмірін қиған қанды оқиғаға қатысты қайғыратындығын айтады. Бірақ Дудуев осыған дейінгі террорлық шабуылдардың зардабын тартып келген шешендерге оның салдары тағы тиеді деп отыр.

«Бізге қатысты ұстаным нашарлап кетті. Екі мұсылман әйел метрода соққыға жығылғанда, вагондағы дүйім жұрттың бірде бірі оларды
Мәскеу көшесіндегі шетелдік еңбек мигранттары. 28 қаңтар 2010 жыл.
қорғап шықпаған. Бұл қоғамның көңіл-күйін білдіреді. Адамдардың жүзінен ауыртпалықты жағдай, қорқыныш пен қайғының ізі байқалады. Тұрғындардың сырттан келгендерге қатысты жеккөрушілігін жасыруы қиын».

Сонымен қатар Ресей астанасында тұрып жатқан Орта Азиялықтар да қорқынышты күйге түскен. Солардың бірі Мәскеудегі тәжік мигранттары қауымдастығының жетекші мүшесі Абдулло Давлатов қоғамдағы қазіргі ахуалды былай жеткізеді:

«Мәскеудегі біздің отандастарымыз үшін жағдай ауыр болып отыр. Адамдар қорыққаннан сыртқы шығуды азайтты. Біз қауіпсіздік мәселесіне байланысты екі күн бұрынғы кездесуімізді кейінге қалдырдық. Милиция құжаттарымызды тексеруді жиілетті. Бірақ әзірге ұлтшылдар мен скинхедтер тарапынан шабуыл болғаны жайлы бізге шағым түспеді».

«КАНАЛИЗАЦИЯҒА ТОҒЫТУ»

«Сова» орталығының директоры Александр Верховский биліктің мәлімдемелерінен кейін азшылық топтар арасындағы ахуал өзгерді дейді.

Мәселен, премьер-министр Владимир Путиннің сейсенбі күні айтқан «терроршылдарды канализация түбінен шығару керек» деген сөзі
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Красноярск, 29 наурыз 2010 жыл.
оның осыған дейінгі «террористерді әжетханадағы құрту» туралы айтқандарының жаңғырығы болды.

Верховскийдің пікірінше, мұндай арандатушылық сөздер айтқанша, Путин қоғам қабылдайтындай тілмен сөйлегені жөн еді:

«Біздің премьер-министр енді террористерді әжетханада құртпайтын болды. Оның орнына канализациядан іздемек. Әлбетте, террористердің соңына түсу керек, бірақ мұндай пафоспен сөйлеу керісінше нәтиже береді. Ол қарсылықтарды тудырады. Премьер-министрдің сөзі асханадағы қарапайым адамның сөзіндей болмауы тиіс», - деді.

ГРУЗИНДЕРДІҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?

Басында Ресей ресмилері метродағы шабуылға қатысты адамдарды іздеуде өздерінің басты назарды Солтүстік Кавказға аударатынын айтқан. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев шабуылға грузиялықтардың да қатысы тексеріледі деді.

Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынас 2008 жылғы тамыз қақтығысынан кейін нашарлап кеткен. Грузия үкіметі бұл шабуылдарды айыптаған мәлімдеме жасап, құрбан болғандардың отбасына көңіл айтты. Және Патрушевтің айтқанын жоққа шығарып, қандай да бір тергеулерге қолдау білдіруге дайын екендігін айтты.

Мәскеудегі грузин қауымдастығының жетекшісі, грузиялық Каратсхейла Мәскеуде тұрып жатқан барлық кавказдықтар күдік пен қауіп-қатерге толы өмір кешіп жатыр дейді:

«Олар үшін кавказдықтың қайдан келгені бәрібір. Олар шешен, ингуш, грузин немесе абхаздықтар арасындағы айырмашылықты қарап жатқан жоқ. Күллі грузиялықтар және Кавказдан келген барлық адам енді не болады деген қауіппен өмір сүріп жатыр».
XS
SM
MD
LG