Accessibility links

Қырғызстан уақытша үкіметінің өкілдері Мәскеуге тағы да бармақ


Бүгін Қырғызстанның уақытша өкіметінің бір топ өкілдері Мәскеуге кеңес алу мақсатында барады деп күтілуде. Бұл қырғыз делегациясының соңғы бір апта ішіндегі екінші сапары.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, премьер-министр Алмаз Атамбаев бастаған топ Қырғызстанға жіберілетін гуманитарлық көмек туралы кеңеспек.

Одан өзге, Бішкекке бүгін АҚШ бас хатшысының көмекшісі Роберт Блейк барады деп хабарланып отыр. Бұл американдық жоғары мәртебелі шенеуніктің өткен аптада Қырғызстанда болған жаппай толқулардан кейінгі алғашқы сапары.
XS
SM
MD
LG