Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев өз жақтастарымен бірге Жалал-Абадтан шығып, Ош қаласына бет алды. Онда бүгін Бакиевті қолдаушылардың митингі өтпек.
Сәрсенбі күні Бакиев өзінің қазіргі уақытша үкіметті заңдастыру мәселелері бойынша нақты әрекеттерге дайын екендігін мәлімдеді. Уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаева келіссөздер жүргізілуі мүмкін екендігін айтқанымен, Бакиевтің өзіне және отбасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы ұсынысын қанағаттандырмайтындығын мәлімдеді. Оның сөзінше Бакиев сот алдында жауап беруі тиіс.
Бакиев өз кезегінде, соттан тыс жазалау болмаса, болған оқиғалар үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруге дайын екенін жеткізді.