Accessibility links

АҚШ Қырғызстан демократиясын қолдайтынын айтты


Құрама Штаттар биліктен кетірілген президент Құрманбек Бакиевті қолдағаны үшін айтылған сындардан кейін қырғыз жетекшілерімен демократияны дамыту жолында жұмыс жасайтынын айтты.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Филипп Кроулейдің айтуынша, Құрама Штаттар Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігі, егемендігі мен аймақтық тұтастығын қолдап, қырғыз халқының бейбіт, экономикалық келешегі бар демократиясын дамытуға көмектесетін болады.

Бакиевтің қарсыластары жұма күні адам құқықтарының бұзылуына қарамастан, Вашингтон Бакиевті қолдап отыр деп сын айтқан. Құрама Штаттардың Қырғызстанда Ауғанстандағы күштеріне қолдау танытып отырған әуе базасы бар.
XS
SM
MD
LG