Қырғызстанда 2010 жылғы сәуірдің 7-8-і күндері билікке қарсы жаппай көтеріліс болып, ел президенті Құрманбек Бакиев биліктен қуылды. Көтеріліс барысында 80-нен аса адам мерт болды. Оппозиция Роза Отунбаеваның басшылығындағы уақытша үкіметті жасақтады.