Accessibility links

Босния НАТО-ға кіруге дайын


Эстония астанасы Таллинде, НАТО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің екі күндік кездесуі барысында, Солтүстік-атлантикалық альянс, Боснияның НАТО-ға кіру жөніндегі жоспарын мақұлдады. Бұның алдында 2009 жылдың желтоқсанында ұсынылған жоспар қабылданбай тасталған еді. Альянстың түсіндіруінше жобада бірқатар қателер болып, қажетті реформалар ескерілмеген.

НАТО өкілінің мәлімдеуінше, сол уақыттан бері, артық қару мен әскери оқ-дәрілердің көзін жойып, Ауғанстанға әскер жіберген Босния «айтарлықтай» жетістіктерге жеткен. Жоспар бойынша бірқатар реформаларды жүзеге асырылғаннан кейін үміткер мемлекет НАТО-ның мүшесі бола алады.
XS
SM
MD
LG