Accessibility links

Иран президенті Африкаға сапарын Угандада жалғастырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ядролық бағдарламасы туралы угандалық әріптесімен келіссөздер жүргізу үшін Камбалаға барды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі Уганда әзірге Иранға жаңа санкциялар салуға қатысты өз ұстанымын таныта қойған жоқ.

Угандаға сапарының алдында Зимбабведе болған Ахмадинежад президент Роберт Мугабемен бірігіп, заңсыз әрі әділетсіз санкцияларымен өз елдерін нысанаға алып отыр деп Батысты айыптаған.

Ахмадинежад пен Мугабе екеуі де сайлауда бұрмалаушылық әрі қақтығыспен билікке келген президенттер.
XS
SM
MD
LG