Бүгін Украинада мыңдаған адам парламент үйі алдына жиналып, Ресейдің әскери теңіз флотын елде тағы 25 жылға қалдыратын келісімге наразылық танытты.
Бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың айтуынша, сәрсенбі күні қол қойылған бұл келісімге қарсылық танытуда барлық оппозициялық күштер бірігуі керек.
Украинаның жетекші коалициясының ресми өкілі ел президентінің Қара теңіздің украиналық портында Ресей күштерінің қала беруіне жол бергенін сынады. Экономикалық мәселелер бойынша вице-премьер Сергей Тигипко Associated Press агенттігіне берген сұхбатында, бұл келісімнің жабық есік жағдайында өтуі - Украина халқы қалағандай болмады деді.
Президент Янукович сәрсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен Севастополдегі портты Ресейге жалға беру келісімінің мерзімін ұзартқан болатын.