Accessibility links

Тәжік президенті өз елі мен аймаққа тұрақтылық қажеттігін айтты


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қырғызстандағы билікті құлатқан көтеріліс ол елдің ішкі мәселесі болса да, аймақта алаңдаушылыққа негіз болғанын айтты.

Президент Рахмон бұл туралы сенбі күні парламенттегі өзінің жылдық жолдауында айтып, бүгінде аймақта мүдделер қақтығысы болып жатыр жатыр деді. Оның айтуынша, Орталық Азия қақтығыс пен тұрақсыздық алаңына айналмауы керек.

Тәжік президенті елде қауіпсіздік күшейту керектігін айта келе, біріншіден бізге саяси және әлеуметтік тұрақтылық қажет деді. Эмомали Рахмон билікте 1992 жылдан бері отыр.
XS
SM
MD
LG