Accessibility links

Қарзай БҰҰ Қандағардан кетпеуін сұрап отыр


Қандағар аудандық кеңесінің жетекшісі, Ауғанстан президентінің бауыры Ахмад Вали Қарзай, халықаралық гуманитарлық ұйымды Қандағардан кетпеуге шақырып отыр.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында лаңкестік әркеттердің жиілеп кеткендігі, БҰҰ –ның бейбітшілік миссиясын қаланы уақытша тастап кетуге мәжбүрлеп отыр. Миссияның шетелдіктерден тұратын бөлігі Ауғанстанның астанасы Кабулға көшірілді.
Ахмад Вали Қарзай, БҰҰ-ның бұл әрекетінің қажетсіз екендігін мәлімдеп отыр.

Соңғы бірнеше аптада Қандағарда көптеген лаңкестік актілер болды. Осы аптада қала басшысының орынбасары атып өлтірілді.
XS
SM
MD
LG