Accessibility links

Бакиевтің сыбайластары туралы ақпарат үшін сыйақы берілмек


Қырғызстанның уақытша үкіметі биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің қашып жүрген туыстары мен көмекшілерін тұтқындауға көмектесетін ақпарат үшін 20 мың доллардан 100 мың долларға дейін сыйақы беруді ұсынып отыр. Билік орындарының айтуынша, Бакиевтің ондаған туысы мен үзеңгілестеріне ауыр қылмыс жасады деген айыптар тағылған. Күдіктілердің арасында Бакиевтің ұлы мен үш бауыры сондай-ақ бұрынғы премьер-министр Данияр Усенов бар.

Өткен айда кемінде 85 адамның өмірін қиған толқулар барысында Бакиев биліктен құлатылған болатын. Қырғызстанда орташа бірайлық жалақы 130 доллар шамасында.
XS
SM
MD
LG