Accessibility links

Ұлыбританияда парламенттік және жергілікті сайлау өтті


Ұлыбританияда бейсенбі күні парламенттік және жергілікті сайлау ұйымдастырылды.

Сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Қауымдар палатасында консерваторлар партиясы 307, лейбористер 255, либерал-демократтар 59 мандатқа ие болды.

Әзірге консерваторларға жаңа үкімет жасақтау үшін 19 орын жетпей тұр.

Жергілікті сайлау үш сайлау округінде, соның ішінде Лондонда ұйымдастырылды. Бақылаушылар консерваторлар жеңеді деп болжайды, өйткені сайлау қарсаңында өткізілген сауалнама бойынша, олар басқарушы лейбористерді 14 пайызға озып шыққан.
XS
SM
MD
LG