Accessibility links

Тәуелсіз Қазақстанда өзгеріс жоқ!


Совет әскерлерінің шабуылы
Совет әскерлерінің шабуылы
Ремарктың «Батыс майданда өзгеріс жоқ!» романын оқыған адам біледі: неміс солдаты Бірінші дүниежүзілік соғысты моральдық тұрғыда айыптайды. Әскерге алынған жастардың ешқандай патриот еместігін, «көп жасамай, көк орған», жастықтан, махаббаттан, кәсіп игеруден тірідей айырылған «жоғалған ұрпақ» екенін ашына жазады. Соғыстағы адамның ішкі шындықтарын бұлайша терең суреттейтін жазушы әлемде сирек.

1941-45 жылдары Кеңес әскерінің құрамында соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлері де – бұл дүниедегі шын мәніндегі рухани жеңістерінен аластатылған ұрпақ. Қасым Қайсеновтың «ондаған немістің қаны мені жібермейді» дейтін өкінішін неге ұмытайық?

Тәуелсіз Қазақстан тарихшылары, жазушылары, қоғам қайраткерлері осы соғысқа қатысты жаңа көзқарас ұсынуы керек еді. Сол көзқарас мемлекеттік ұстанымға айналуы тиіс-ті. Бірақ біз 9 мамырды «Ұлы Жеңіс» деп, ресми мерекеге айналдырып, Ресейдің отары екенімізді тағы дәлелдеп отырмыз.

Осы соғыстың адамзаттық қиянатын Ремаркша ашатын бір қазақ қашан туады?

arzimas@gmail.com
XS
SM
MD
LG