Accessibility links

Алматыда «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі басталды


Бүгін, мамырдың 14 күні Алматыда дәстүрлі «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі басталды. Салтанатты ашылу рәсімі жұма күні кешке Республика сарайында өтеді.

Мамырдың 16-сына дейін созылатын өнер бәйгесіне биыл 30 мемлекеттен 240 өтініш келіп түскен. Оның 35-і іріктеліп, фестивальге «Дебют», «Жастар киносы», «Халықаралық панорама», «Ақпараттық көрсетілім» аталымдары бойынша қатыстырылмақ. Бұлардың бесеуі - қазақстандық фильмдер.

Фестивальге кинорежиссер, сценарист, педагог Ираклий Квирикадзе, ресейлік кинорежиссер, сценаристер мен кинорежиссерлардың жоғарғы курсының ректоры Андрей Герасимов, белгілі режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов төреші болады.
XS
SM
MD
LG