Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари сыбайласқан жемқорлық қылмысы үшін айыпты деп танылған ішкі істер министрі Рехман Мәлікке рақымшылық жариялады.
Лахор қаласының соты дүйсенбі күні Мәліктің екі жемқорлық қылмыс бойынша 2004 жылы шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Артынша-ақ президент рақымшылық туралы жариялады. Мемлекет басшысының өкілдері мұндай шешім «премьер-министрдің кеңесі бойынша шығарылды» деп мәлімдеді.