Қырғызстанда 7-сәуірдегі толқуларда қаза тапқандардың туыстары Қазақстан, Ресей және АҚШ үкіметтерін биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің Беларустен экстрадициялануына көмектесуге шақырып отыр. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады. Сейсенбі күні аталған елдердің Бішкектегі елшіліктері алдында жиналған наразылық танытушылар Бакиевті елге қайтаруды талап етті.
Сәуір айындағы толқулар барысында 80-нен астам адам қаза тапқан болатын.
Сәуір айындағы толқулар барысында 80-нен астам адам қаза тапқан болатын.