Бір отбасын қуантып, туыс-туғанды шат қылып Үміт дүние есігін ашты. Тура сол күні метро салу туралы шешім қабылданып, құрылысқа екінің бірі армандауға да қорқатын қаржы бөлінді. Хош делік! Ата-анасы дос-жаран мен көңілі жақын ағайынды шақырып, қыздарының жасқа толғанын атап өтті. Ал, қала әкімі метроға бөлінген қаржының аздығын айтып, жоғарыға сәлем жолдады.
Күн аунады, ай алмасты, Үміт айналасын мәз қылып мектепке барды. Күздің алғашқы күні бір телеарна метродағы осы уақытқа дейін қазылған жерді топырақ басып қалғанын хабарласа, бір арнадан бұл сөзді теріске шығарып шаһар басшысы сұхбат берді.
Үміт көз алдымызда бой жетіп, мектеп бітіру кешінде сыныптас баламен қайта-қайта биге шықты. Сәйкестік дегенді қойсаңшы, жаңадан ғана тағайындалған қала басшысы күн жексенбі болса да метро жұмысымен танысып, өзіне дейін істелген істі жоққа шығарды...
Үміт жоғары оқу орнына түсіп, оны қызыл дипломмен аяқтағанда да метроға ақша судай құйылып жатты...
Үміт жұмысқа тұрды, алғашқы демалысын алды, сыныптас жігітке тұрмысқа шығып, әке-шешесіне немере сүйгізді. Ал, осы сәтке дейін қарқынды жүрген метро жұмысы «жер жағдайы көтермейді» деген себеппен тоқтады да қалды.
Үміт үлкен абыроймен зейнет демалысына шықты, көпшіліктің басын қосып той қылды. Үмітпен қабаттасып тағы бір жаңа әкім елдің есінен шығып кеткен метроға ұшан-теңіз қаржы бөлінгенін, келесі жылдан қалдырмай құрылысты бір жақты қылатынын, ешқандай қауіп жоқтығын мәлімдеді.
Тынымсыз еңбекке үйреніп қалған Үміт қарап отыра алмай, бір жатақханаға кезекші болып кірді. Осыны тосып тұрғандай жарамсақ басылымдар жер астын үңгіп келе жатқандардың бір-бірімен түйіскенін, шаһар басшысы жұмысшыларды қызу құттықтап, аққайнар ашқанын жарыса жазды.
Кім мәңгілік дейсіз... Бала-шағасын күңірентіп, көрші-қолаңға «марқұм кісі ақысын жемеген адал жан еді» дегізіп, Үміт көз жұмды. Ал метро... метроны қойшы, оданда Үмітті айтсаңшы...