Үндістанның Батыс Бенгалия штатында болған теміржол апатынан, жаңа мәліметке қарағанда, кемінде 65 адам қаза болып, 200-ден астам кісі жараланды. Билік құрбандардың саны одан да өсе түсе ме деп алаңдайды.
Бастапқыда жолаушы поезы жарылыстың салдарынан рельсінен тайып құлады деп хабарланған болатын. Көп ұзамай саботаж деген жорамал шықты. Кімде-кім теміржолдың бойындағы қауіпсіздік белгілерін қасақана алып тастады деген күдік туды.
Теміржол апаты маоистік бүлікшілердің бекінісі саналатын ауданда болды. Бірақ маоистердің апатқа қатысы болғаны туралы мәлімет жоқ.