Accessibility links

Пәкістанда мешітке шабуыл жасады деген күдікпен 7 кісі ұсталды


Пәкістанның Лахор қаласында өткен жұмада мұсылмандардың Ахмади қауымына жататын 2 мешітке жасалған террористік шабуылға қатысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды. Ол қастандықтан 93 кісі қаза тапқан болатын.

Шабуыл жасалған 2 мешіттің біріне қастандықтан кейін Пәкістан премьер-министрі Рехман Мәлік кіріп шықты.

Лахор қаласындағы осы террористік шабуылға өзге елдер мен халықаралық ұйымдарға қоса Еуропа Одағы мен АҚШ наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG