"Әл-Каиданың" ресми мәліметі бойынша, топтың Ауғанстандағы жетекшілерінің бірі, Усама бен Ладеннің кеңесшісі – Мустафа Абу ал-Язид әйелі және үш баласымен бірге өлтірілген.
АҚШ үкіметінің мәлімдеуінше, Язидтің өлімі «Әл-Каиданың» дүниежүзілік террористік желісіне әсер етуі ықтимал. Контртеррористік операция тұрғысынан қарағанда Язидтің өлімі - үлкен жеңіс. Вашингтонның пікірінше, Язид өткен айда Пәкістанда болған тайпа аралық қақтығыста өлтірілуі мүмкін
Көпшілікке Шейх Саид деген атпен мәлім Язид «Әл-Каиданың» негізін қалаушылардың бірі болған.