Accessibility links

Дағыстанда ФСБ рейдінде 2 адам мерт болды


Ресей билік орындарының хабарлауынша, Дағыстанда рейд жүргізіп жатқан ФСБ қауіпсіздік қызметіне жасалған шабуылдан 2 адам қаза тауып, екеуі жарақат алған.

Тергеу комитетінің баспасөз хатшысының айтуынша, сейсенбі күні кешке Какамахи ауылында қауіпсіздік қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде оларға бүлікшілер шабуылдаған. Арадағы қақтығыста ФСБ қызметкері мен жергілікті тұрғын қаза болған.
XS
SM
MD
LG