Бір топ ақсақал Бір кісіні қуып жүр екен. Сөйтсе, ол кісінің жиналыстан қолы босамайды. Біресе АҚШ-қа кетеді, біресе Африкаға...
– «Қолым босамайды» дейді.
– Атекем дұрыс айтады: қолы босамайды!
– Онда дәстүріміз бұзылады ғой.
– Неге?
– Біз ол кісінің қолынан бір иіскемейміз бе?
– Енді қайттік?!
Бұлар Ғабит Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінен» тіріліп келген «ақсақалдар кеңесі» болатын. Содан, ақыры ол кісіге жолықты-ау.
– Сіз біздің кеңеске мүше болсаңыз?
– Қандай кеңес?
– Ақсақалдар кеңесі.
– Неге?
– Жоқ, ол қателесіп тұр. Мүше емес, төраға!
– Неге?
– Енді... бата бересіз дегендей...
– Әй, ақсақалдар, адрестен қателестіңдер. Мен әлі қылшылдап тұрмын ғой.
Р.S. Бір кісінің ақсақалдарға деген ішкі күңкілі: «Бұлар да қызық. Болашақ отыз жылдан үміті зор адамды кеңеске төраға жасағысы келеді. Батагөй шалды басқа жақтан іздемей ме?!»
arzimas@gmail.com