Accessibility links

Медведев Германия канцлерімен кездесті


Ресей президенті Дмитрий Медведев Германия канцлері Ангела Меркелмен келіссөз өткізу үшін Берлинге барды.

Екі ел басшылары халықаралық мәселелерді, оның ішінде Иранға қосымша санкция енгізу туралы АҚШ ұсынысын талқылайды. Әлемнің алты алпауыт елі Ираннан уран байытуын тоқтатуды талап етіп отыр, олардың қатарында Ресей мен Германия да бар.

Сонымен қатар Медведев пен Меркель екі ел арасындағы қарым-қатынастар барысын да талқылайды. Тығыз экономикалық байланыстағы Ресей мен Германияның сауда айналымы өткен жылы шамамен 50 миллиард еуроға жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG