Accessibility links

Қырғызстанда соққыға жығылған мүфти ауруханада жатыр


Қырғызстандағы діни жиын барысында соққыға жығылған мүфти Суюн-Хажи Кулуев ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Кулуевтің туыстарының айтуынша, жексенбі күні діни тұлғалардың отырысында белгісіз ондаған адам мүфтиге шабуылдаған.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Кулуев ресми түрде шағым түсірмегендіктен, бұл оқиға туралы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Мүфтидің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуылдаушылар Кулуевтің қызметінен кетуін талап еткен.

Кулуев қызметінен бас тартқан бұрынғы мүфти Абдушукур-хажи Нарматовтың орнына уақытша тағайындалған болатын.
XS
SM
MD
LG