Accessibility links

Өзбек шекарашылары Арнасай ауылын бөгеп тұр


Өзбекстанның шекаралық қызметі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арнасай ауылынан шығатын жолды бөгеп тұр. Мұның себебі белгісіз. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Арнасай ауылының әкімі Басымбек Қалжігітов Өзбекстанның шекарашалары осыдан үш күн бұрын Шардара-Жетісай жолын жауып тастады деген. Бұл жолдың бір бөлігі Өзбекстан арқылы өтеді.

Арнасай ауылында 650 адам тұрады. Кейбір тұрғындардың ауыз су ішу мүмкіндігі жоқ дейді әкім
XS
SM
MD
LG