Accessibility links

Ақорда Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қырғызстанға қайырымдылық және қаржылай көмек беруінің маңыздығылын атап көрсетті.

Жұма күні ШЫҰ-ға мүше елдер президенттерінің кеңесінде сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев Қырғызстанның қазіргі қиындықтардан ойдағыдай өтіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алуына және әлеуметтік-экономикалық ахуалды түзеуіне көмек беру өте маңызды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, алда Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Қазақстан үшін Орталық Азиядағы тыныштық пен қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау басты міндеттердің бірі болады.
XS
SM
MD
LG