Accessibility links

Ауғанстанда автобус жарылды, кісі өлімі бар


Ауғанстанның оңтүстігінде болған жарылыстан 9 адам қаза тапты.

Кандагар өлкесінің әкімдігі хабарлағандай, автобусқа орнатылған қопарғыш Гильменд өлкесіне жақындаған жолда іске қосылған. Қаза тапқандардың ішінде әйелдер мен балалар бар.

Ауғанстандағы бұл қастандық елге Англия премьер-министрі Дэвид Кэмероннның сапарынан кейін тура 1 тәулік өткенде болып отыр.

Оның қарсаңында Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы Стэнли Мак Кристэл Кандагар өлкесінде тәліптерге қарсы НАТО күштерінің шабуылы жоспардағыдан кештеу қолға алынатынын хабарлаған болатын. Оның себебі, шабуылды бастау үшін жергілікті тайпалармен тіл табу қажет болып тұр.
XS
SM
MD
LG