Accessibility links

Оштағы қақтығыс құрбандарының саны 28-ге жетті


Қырғызстан оңтүстігіндегі жаппай қақтығыс құрбандарының саны жаңа мәліметке қарағанда, 28 адамға жетті.

Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, 300-ден астам адам ауруханада жатыр. Олардың елуінің ахуалы ауыр.

Ош облысындағы ахуал төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан ауыр қалпында қалды. Ош қаласында электр қуаты мен газ беру тоқтатылды.

Уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаеваның мәлімдеуінше, елдің оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектердің арасынан ұлтаралық жанжал шықты.

Бішкектен тілшіміздің хабарлауынша, Қырғызстан астанасының орталығында жүздеген жас ары-бері өткендерді Ош қаласына барып, қақтығыстарға қатысуға үгіттеу үстінде.
XS
SM
MD
LG