Accessibility links

Сарыағаштағы тасқын: су басқан үй саны 56-ға жетті


Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жылға кентінде нөсер жаңбырдан кейін 56 тұрғын үйді су басып, 1 үй түгел қирады. Қалған үйлердің де қирауы мүмкін болған соң, кенттен 300-дей тұрғыны көшірілді.


Бұл Сарыағаш ауданында соңғы 1 айдың ішінде екінші ірі су тасқыны болып отыр. Маусым айының басында нөсер жаңбырдың салдарынан Сарыағаш қаласы мен 6 ауылдың 54 тұрғын үйін су басқан болатын.


Тасқынға суару жүйесінің қараусыз қалуы себепті болып отырғанға ұқсайды.
XS
SM
MD
LG