Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті


АҚШ сауда-экономикалық санкциясы міндетті болып табылатын ирандық компаниялар тізімін ұзартты.

АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнердің хабарлауынша, бұл тізімге Иранның ірі банктері, мұнай, сақтандыру және кеме тасымалдау компаниялары кіреді. Америка билігінің пайымдауынша, аталған компаниялардың барлығының Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар.

Вашингтон мұндай қадамға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсыы халықаралық санкция қабылдағаннан кейін барып отыр.
XS
SM
MD
LG