Accessibility links

Провинциалдың ойлары :)


Түркістан керемет қала (дейді жұрт)! Оның провинция екенін ескермегенде және халықтың да провинциалдық менталитетін көңілге ілмегенде.

Алматыға келген сайын (көп келе бермеймін) провинциалдық және менталитет деген сөздердің мағынасына бойлағандай боламын. Бір түсінгенім, Алматыда менталитет пен комплекс жоқ. Комплекссіз қала! Бұл пафостық тұжырым емес және бәрін (бүкіл Алматыны) қамтуы да мүмкін емес. Бірақ Түркістанмен (кез келген провинция деп оқы) салыстырғанда, комплекс жоқ, менталитет – тіптен.

Түркістанда өзіңнің альтер-эгоңды әйгілеу үшін ерекшелікті қаласаң (не болса, ол болсын), сен көкірегіңді тесіп өтер көзжанарлар жаңбыры мен мұрнының астынан бұрқылдаған, сыбырлап айтылған мін астында қаласың.

Бұл жағынан сен боссың. Бұл сезімді ұмытқалы қашан. Ал Алматыда еркінсің. Өз қалауың өз еркіңде. Және ол үшін сені ешкім де жанарымен жаралап отырмайды.

Сонымен, тақырыптың тұздығына келейін. Мәмбет деген кім? Қазақбайшылық деген не? Осы екі сөзді көп оқыдым. Егер мен алматылық болмасам, онда алматылықтар үшін мәмбетпін ғой сонда? Жоқ, кез-келген қазақ өзі білетін өмір сүру тәсілімен өмір сүрсе, ол қазақбайша жасап жүрген бола ма?

Бұл менің өзімді бағалауым үшін кері әсер ететін тұжырымдар болуы мүмкін. Толғандыратыны да сондықтан. Осындай қазақбайшылыққа белшесінен батқан провинциалды жетесіз қараңғылықтан құтқарып, осы сұраққа жауап табуына көмектесе алатын біреу бар ма?

http://yertay.wordpress.com
XS
SM
MD
LG