Accessibility links

Иран сүннит тобының жетекшісін дарға асты


Иран билігі өздерінің «Жундалла» тобының жетекшісін дарға асқанын хабарлады. Ирандық ресми ақпарат құралдарының жазуынша, бүлікшіл сүнниттердің «Жундалла» тобының жетекшісі Абдулмалик Риги жексенбі күні Евин түрмесінде дарға тартылып, өлтірілген.

Хабарларға қарағанда, Риги қарулы, қарақшылық, қауіпсіздік қызметі мен бейбіт азаматтарға қарсы шабуылдар және басқа да кісі өлімі мен қылмыстар үшін жауапты деп табылған.

Өткен ақпан айында Дубайдан Қырғызстанға ұшып келе жатып ұсталған Абдулмалик Риги Ауғанстан және Пәкістанмен шекаралас Систан-Белуджистан провинциясындағы қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасадық деп жауапкершілік алған топқа жетекшілік еткен. Бұл топтың айтуынша, Ирандағы сүнниттер шииттер жетекшілігіндегі биліктен қағажу көріп келеді.

Теһран "Жундалла" тобымен байланысы бар деп Құрама Штаттар мен оның одақтас елдерін айыптаған болатын. Вашингтон ол айыптауларды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG