Accessibility links

Пәкістанда бес америкалық азамат терроризм айыбымен сотталды


Пәкістан соты АҚШ-тың бес азаматына террорлық шабуыл ұйымдастырған деген айыппен әрқайсысына 10 жыл түрме жазасын шығарды.

Сотталған америкалық жасөспірімдердің барлығы мұсылман дінін ұстанады. Олар өткен жылы Пәкістанның орталық аймағындағы Саргодха қаласында ұсталған болатын. Омар Фарух, Вахар Хусейн, Рами Замзам, Ахмад Абдулла Мини және Амман Хасан Яммердің ісі Саргодхадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жабық сотта осы жылдың наурыз айынан бастап қарала бастады.

Прокурор оларды Пәкістанда террорлық шабуыл мен арандатушылық әрекеттер ұйымдастырған деп айыптады. Айыпталушылардың барлығы бұл айыптарды жоққа шығарды және Пәкістанға баруының себебін Ауғанстанда гуманитарлық қызметпен айналысқысы келгендіктерімен түсіндірді.
XS
SM
MD
LG