Accessibility links

Чехия үкіметі отставкаға кетті


Чехия премьер-министрі Ян Фишердің үкіметі отставкаға кетті. Үкімет басшысының өтінішіне жақын уақытта президент Вацлав Клаус қол қояды деп хабарланды.

Үкіметтің отставкасы мамырда сайланған жаңа парламенттің алғашқы сессиясы ашылғаннан кейін болып отыр. Жаңа үкімет туралы келіссөздерді жүргізу ісі оңшыл Азаматтық демократиялық партияның басшысы Петр Нечасқа тапсырылды. Парламентте көп орынға ие болған үш партия арасындағы келіссөздер жақын уақытта аяқталады деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG