Accessibility links

Қырғызстан: Конституцияны сайлаушылардың 90 пайызы қолдады


Алдын ала есептеулер бойынша, Қырғызстанда өткен халықтық референдумға қатысқан дауыс берушілердің 90,86 пайызы өздерінің жаңа конституцияны қолдайтындығын белдірген. Сайлаушылардың 7,82 пайызы оған қарсы болған.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Акылбек Сариевтің “Азаттыкка” берген сұхбатында, ол бұл мәліметтер әлі де өзгеруі мүмкін екендігін айтты. Себебі әлі де саналмай қалған бюллетендер бар. Дегенмен, олар сайлаудың негізгі қортындысын өзгерте алмайды дейді Акылбек Сариев.

Референдум арқылы қырғызстандықтар елдегі парламенттік басқаруды қолдап, 2012 жылға дейін Роза Отунбаеваның президенттік қызметте отыруын қуаттап дауыс берді.
XS
SM
MD
LG