Accessibility links

Жезқазғанда жол шетінен қауіпті медициналық қалдықтар табылды


Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан 25-26 шақырым жерде Қызылорда - Павлодар күре жолының бойына шашылған пайдаланылған шприцтер, система мен ампулалар бар 15 картон қорап табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қазметі хабарлады.

«Б» класты маркаланған бес қорап - аса қауіпті медициналық қалдықтар қатарына жатады, жеті қорап «В» класты төтенше деңгейдегі қауіпті медициналық қалдықтар. Үш қорап мемлекеттік санитарлық қадағалау органының зертханасына жіберілді», - деп атап өтілген хабарламада.
XS
SM
MD
LG