Accessibility links

Ангела Меркель Ресей, Қытай және Қазақстанға барады


Германия канцлері Ангела Меркель шілденің 14-і мен 18-і аралығында Ресей, Қытай және Қазақстан елдеріне сапармен барады. Бұл туралы жұма күні Германияның ақпарат және баспасөз мекемесі хабарлады деп ИТАР-ТАСС жазып отыр.

Хабарларға қарағанда, германиялық үкіметтің басшысы Ресей мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі мемлекетаралық кеңесулер мен Екатеринбургте өтетін Ресей-Германия қоғамдық форумына қатысады.

Одан кейін Бейжіңге баратын Меркель Қытай жетекшісімен кездеседі. Жексенбі күні Ангела Меркель Астанаға барып, Қазақстан билігімен келіссөздер өткізеді.
XS
SM
MD
LG