Қытайда тұрғындарының саны 100 миллионға жеткен ең бірінші өлке пайда болады. Ол туралы дүйсенбі күні Қытайдың мемлекеттік баспасөзі хабарлады.
Кедей әрі халқы өте тығыз тұратын Хенань өлкесі Қытайдың тұрғындары 100 миллионға жеткен бірінші өлкесі болмақшы. Бұл бүкіл Филиппин халқының санына тең.
Қытайдағы барлық жұмыс мигранты осы Хенань өлкесінен шығады. 1950 жылдары өлкенің халқы 40 миллион болса, 1990 жылдары 90 миллионға жетті. Ал осы айдың соңына қарай 100 миллионнан асуға тиіс.
Егер Бейжіңдегі ресми билік 30 жыл бұрын әр отбасында 1 бала асырау керек деген шектеу саясатын қолға алмағанда, Хенань халқының саны 100 миллионнан әлдеқашан асатын еді.
Жалпы 2015 жылға қарай Қытай халқының саны 1 миллиард 39 миллионға жетеді деген жорамал бар.