Жексенбі күні Астанаға ресми сапармен келген Германия канцлері Ангела Меркель Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, келіссөздер өткізді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.
Назарбаев Германияның Еуропа Одағының экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын жоғары бағалады. Меркелдің Қазақстанға сапарында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Экология, экономика, теміржол және көлік өнеркәсібі салысында бірқатар келісімдер жасалды.
Қазақстан президенті Астанада өткен бизнес форумда германиялық кәсіпкерлерге Қазақстанда мұнай-химиялық және металлургиялық кәсіпорын құруды ұсынды. Ол германиялық компаниялар өз өнеркәсіптеріне қажетті жоғары сапалы металдар алу үшін Қазақстанда металлургиялық кластер құра алады деген. Ангела Меркель Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым 90 пайызға жеткенін, десе де энергетикалық мүдделері үшін бұл әлі жеткіліксіз екенін атап өткен.