Ауғанстан президенті Хамид Карзай Кабулге бөлінген халықаралық қаржылай көмекті бөлу жұмыстарына өз үкіметінің белсенді түрде қатысуын талап етті. Соның жауабы ретінде ауған күштері 2014 жылға таман ел қауіпсіздігін өзі сақтай алатындай дәрежеге жетуге тырысады деді Карзай.
Ауған басшысы Кабулде бүгін басталған халықаралық конференцияда осылай деп мәлімдеді. Ауғанстан жөніндегі ірі форумға 40-қа жуық елдің сыртқы істер министрлері, 70 шақты халықаралық өкілдер қатысып жатыр. Олардың арасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ-ның қазіргі хатшысы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бар.
Бұл соңғы 30 жылда ауған жерінде Ауғанстан мәселесіне қатысты өткізіліп отырған алғашқы ірі жиын.