Accessibility links

Әділет министрлігі: түрмедегілер ішкі тәртіпке бағынбау үшін денелерін тілген


Қазақстан Әділет министрлігінің ресми өкілі Солтүстік Қазақстан облысындағы 164/4 түрмесінде 30 сотталушы сәрсенбі күні өз денелерін жарақаттағандығын растады.

Бейсенбі күні Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Ерболат Ерімбетов түзету мекемесіндегілер «ішкі тәртіпке бағынғысы келмегендіктен» өз денелерін жарақаттады деп хабарлады.

Ерімбетовтың айтуынша, наразылық әрекетке барған 13 сотталушы медициналық мекемеге жеткізілген, қазіргі таңда олардың жетеуі түрмеге қайтарылды.
XS
SM
MD
LG