Accessibility links

Қызылорда облысында мұнай төгіліп, бір адам қаза тапты


Қызылорда облысында болған жол-көлік апатының салдарынан мұнай төгіліп, бір адам қаза тапты.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, бейсенбі күні Қызылорда-Құмкөл автожолында екі «КамАЗ» автокөліктері соқтығысып қалды, оның бірі ернеулі (борттық), екіншісі мұнай тасымалдауға арналған 30 текше метр сыйымдылықтағы көлік.

Жол-көлік апатының салдарынан 1 648 шаршы метр аумаққа шамамен 30 текше метр көлемдегі мұнай төгіліп қалған. Бірінші КамАЗдың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі төгілген мұнайды жинау жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG