Қырғызстан экономикасын қалпына келтіру мен республика оңтүстігінде гуманитарлық мәселелерді шешу үшін биыл бір миллиард доллардан астам қаражат қажет. Бұл туралы республиканың қаржы министрі Чоробек Имашев мәлімдеді.
Бішкекте бүгін Қырғызстанға шұғыл көмек беру мәселелері туралы конференция өтіп жатыр. Қырғызстан донор елдер мен қаржы институттарынан жаздағы ұлтаралық қақтығыстардан кейін республиканы қалпына келтіру жұмыстарын қолдауды сұрап отыр.
Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад облыстарында маусым айындағы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапты.