Шілде айында біздің ауылда шөп науқаны басталады. Осы кезде ауыл тұрғындарының барлығы малдың қысқы азығын жинауға кіріседі. Қолында техникасы барлардың жаны аса қиналмайды. Шөпті орып алса болды – бірнеше күнде тасып бітеді. Ал ат арба мен есек арбаға күні қарап отырғандардың жағдайы қиындау.
Көкемнің (әкемнің ағасының) елден озып бара жатқаны шамалы, дегенмен, басқаларға қарағанда, ескі тракторы бар.
6 шілде күні дәстүрге айналған Астана күні мерекесі болғанын білесіздер. Бұл мерекеге билік басында отырған шенеуніктеріміздің де ықыласы жоғары. Олар тұңғыш президенттің көңілін аулағысы келе ме, әлде шынымен де барша қазақстандықтарға жаздың осы күнінде мереке сыйлап, қуанышқа бөлегісі келе ме – білмеймін. Әйтеуір, Астана күні жыл сайын дүркіреп өтіп жатады. Шындығын айтайын, «той болады», «той болды» деген сөздерді естимін, бірақ соның бірде-біреуі есімде қалмапты. Ал кешегі думан менің есімде әлі ұзақ сақталатын сыңайлы. Оған Президентің 70-ке келуінің де, Астананың астана болғанына 12 жыл толуының да еш қатысы жоқ.
Біздің ауылда бар жоғы екі-ақ телеарна көрсетеді. Сол күні оның екеуі де Астанада болып жатқан мерекелік концерттерді қайта-қайта тікелей эфирден көрсетіп жатты.
Кешкі тамақты ішіп болған соң, жеңгем:
– Бүгін жақсы концерт болады. Шөпті балалардың өздері алып келеді ғой, құрығанда бір күн демал, – деп көкемді үйде қалуға көндірді.
Көкем де концерт көруге кетәрі емес екенін сездіріп:
– Ондай болса, телевизорды далаға шығарып, тапшаннан көрейік, – деді.
Содан барлығымыз тікелей эфирден көрсетіліп жатқан концертті тапшанда отырып тамашаладық. Маған телевизордағы көріністердің барлығы ертегідегідей әсер етіп отырды. Қара жәшіктің ішіндегі адамдардың қуанышында шек жоқ. Барлығы мәз-мейрам. Арасында концертті тамашалауға келген президент пен оның жұбайын да көріп қалдық. Олардың да көңілдері қуанышқа толы секілді.
Көкем:
– Тәуелсіз ел болдық деген осы. Бұдан артық бізге қандай қуаныш керек? Еліміз тыныш, қарнымыз тоқ, Құдай Елбасымызға ұзақ ғұмыр сыйласын, – деп, алдындағы шәйін ұрттап қойып отырды.
Көкемнің осы сөздері маған бір түрлі әсер етті. Әбден ескіріп, жерге сіңіп бара жатқан құрқылтайдың ұясындай үйіне бір қарадым, өзіне бір қарадым да алаңсыз концерт көріп отырған ақкөңіл, ешкімге ешуақытта жамандық ойламаған көкеме жаным ашып кетті.
Сөйтіп, концерт тамашалап отырғанда көкемнің үлкен баласы келді де:
– Көке, трактор бұзылып қалды, – деді.
– Енді бұзылса, Мишканы шақыртпадың ба?
– Бардым ғой оған. Кеше құдалықтан келген екен, әлі есін жимапты.
– Бұзылса ертең барып жөндейміз, – деп көкем рақат концертті тамашалап отырды.
– Оталмай қойды. Көрші ауылдың балалары анау-мынау запчастарын ұрлап кетпесін деп, Гришкиннің қырынан төмен қарай накатпен түсіп келе жатыр едім, тормызы ұстамай қалды. Өзім әрең дегенде секіріп үлгердім, – деді баласы.
– Өй әкеңнің аузы... Трактор қайда? – деп жастыққа бір қырынан жантайып жатқан көкем орнынан атып тұрды.
– Сайда аударылып жатыр.
Оның осы сөзі менің де төбеме жай түскендей әсер етті. Астанадағы Бәйтерек құлап кетіпті десе, оған аса ішім ауырмас еді. Өйткені жылда болатын Астана күні үшін пәленбай миллион қаржыны желге шашатын қазақ билігінде бір емес, бірнеше Байтерек тұрғызуға жетіп артылар ақшабар. Ал менің көкем жалғыз тракторымен бала-шағасын асырап отыр ғой.
– Құдай төбеңнен ұрғыр. Сол трактормен бірге өзің неге аударылып қалмайсың, ә! – деп баласына ұрыса бастады көкем.
– «Тележкаға шөпті көп тие» деген өзіңіз ғой.
Апыл-құпыл тапшаннан түсіп бара жатқан көкем:
– Былай тұршы, ей, – деп жеңгемді теуіп кетті.
– Менде нең бар?! – деп жеңгем де шаңқ ете қалды.
– Сен қатын да оңбайсың қайдағы жоқ нәрсені айтып. Мен сенен концерт сұрадым ба? Әкеңнің... атаңның... – деп барлығын балағаттаған көкем сайға қарай жүгіріп кетті.
Дәл осы кезде біз тамашалап отырған арна Астанадағы думанның отшашулармен аяқталып жатқанын көрсетіп жатты.
Ертесіне барып тракторды көрдік. Жөндеуге жарамай қалыпты. Сайдағы арықта доңғалағы төбесіне қарап жатыр. Тележкаға ыңқита тиелген шөп те шашылып жатыр. Осы оқиғадан бірнеше күн бұрын «Астанадағы нағашыларымның үйіне қонаққа барамын. Барлығы аузының суы кеуіп мақтайтын қаланы өз көзіммен көріп қайтпасам» деп әңгіме айтқан көкемнен «жолға шығуды қашанға жоспарлап отыр едіңіз» деп сұрауға дәтім шыдамады.
Сөйтіп, президенттің жетпіс жылдығы... ой, кешіріңіз, Астана күніне орай болған той думанның кезінде әкемнің ағасы жалғыз тракторынан айырылды. Басқалардың Астана күнін қалай тойлағанын білмеймін, әйтеуір өзіміз тележкадағы аударылып жатқан шөпті көрші Нияздың есек арбасымен екі күн бойы тасыдық.