Accessibility links

Иранда саяси тұтқындар аштық жариялады


Иран оппозициялық сайты 17 саяси тұтқын өткен аптада аштық акциясын жариялады, түрмедегілер медициналық қызметтің нашарлығына наразылық білдіріп отыр деп хабарлады

Kaleme.com оппозициялық сайтының мәліметі бойынша, аштық жариялағандардың бесеуі – журналистер мен белсенді студенттер – ауруханаға жатқызылды. Бұлардың арасында белсенді студенттер Мажид Таваколи мен Абдолла Момени, реформашыл журналистер Бахман Ахмади Амоуи мен Кейван Самими бар.

Бұлардың барлығы 2009 жылғы президент сайлауының нәтижелеріне қарсы жаппай наразылық акцияларынан кейін түрмеге қамалды.
XS
SM
MD
LG